Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді Торайғыров университетінің 65 жылдығына арналған «ХVII Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
31 қазан 2025 жыл
«Торайғыров оқулары» – жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, онда жаратылыстану ғылымдары; гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; экономика және құқық; инженерия; ауыл шаруашылығы ғылымдары; энергетика; физика-математика және компьютерлік ғылымдар бағыттары бойынша қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін қарау жоспарлануда.
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.
Өткізу форматы: офлайн.
Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі. Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 жылдың 03 қазанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді «Діни сауаттылық пен мәдени толеранттылық: қоғамдық сананы жаңғыртудың векторлары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
22 қазан 2025 жыл
«Діни сауаттылық пен мәдени толеранттылық: қоғамдық сананы жаңғыртудың векторлары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан жастарының қоғамдық санасын жаңғырту жағдайындағы мәдени толеранттылық пен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған АР23484991 ЖТН мемлекеттік бюджеттік жобасы аясында жоспарланған. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетімен 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 257/ГФ24-26/8 шарты бойынша іске асырылуда.
Конференция Қазақстан жастарының қоғамдық санасындағы мәдени толеранттылық пен діни сауаттылықтың өзекті мәселелерін қарастырады.
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, бас оқу ғимараты.
Өткізу форматы: онлайн/офлайн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі. Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады және конференцияның қатысушыларына электрондық сертификаттар табысталады.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 жылдың 17 қазанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы қабылданады.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды, студенттер және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды
Өнімді жылқы шаруашылығы саласын дамытуға арналған «ТҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕКАРАЛАС МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз
09-10 қазан 2025 жыл
Өткізу орны: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, М. Әуезов көшесі, 147-үй, «Өнер» мәдениет сарайы
Өткізу форматы: офлайн.
Конференция Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (грант № BR22887106) жобасы аясында өткізіледі .
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 ЖЫЛДЫҢ 05 ҚАЗАНЫНА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!