Өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр
123
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді көрнекті ғалым-химик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстандағы химия ғылымының негізін қалаушысы Әбікен Бектұрұлы Бектұровтың туғанына 125 жыл толуына арналған «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ДАМУДЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз!

11 желтоқсан 2026 жыл

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің тең төрағалары:

Алтынбек Нухұлы – химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры.

Медетов Нурлан Әмірұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, Торайғыров университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры.

Өтетін орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, бас оқу ғимараты.

Өткізу форматы: офлайн және онлайн.

Конференция аясында химия саласының өзекті мәселелері төмендегі секциялар бойынша қарастырылады:

  1. Академик Әбікен Бектұрұлы Бектұровтың ғылыми мұрасы және химия ғылымының қазіргі даму үрдістері.
  2. Химиялық білім беру: заманауи әдістемелер, цифрлық технологиялар және ғылыми-зерттеу қызметі.
  3. Химия және экологиялық қауіпсіздік: тұрақты технологиялар және ресурстарды ұтымды пайдалану.
  4. Іргелі және қолданбалы химия: заманауи зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар.
  5. Заманауи химиялық технологиялар және өнеркәсіпке арналған инновациялық шешімдер.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарық көреді. Жинақ электрондық форматта (PDF) жарияланады. Конференция қатысушыларына электрондық сертификаттар беріледі.

Материалдарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 қарашаға дейін қоса алғанда. Материалдар ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайты арқылы қабылданады. Көрсетілген мерзімнен КЕЙІН ТАПСЫРЫЛҒАН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА арқылы жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

Өтінімдерді қабылдау аяқталды
123
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді Қуандық Пазылұлы Жүсіптің 85 жылдығына арналған  «Мәшһүр  Жүсіп оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз

06 қараша 2026 жыл

«Торайғыров университеті» КЕАҚ ұлағатты ұстаз, ғалым, жазушы, драматург, филология ғылымдарының докторы, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ филологиясы» кафедрасының құрметті меңгерушісі Қуандық Пазылұлы Жүсіптің
85 жылдығына арналған «Мәшһүр  Жүсіп оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: офлайн және онлайн.

Конференция аясында келесі секциялар бойынша отырыстар өтеді:

  • Мәшһүр Жүсіп  мұрасы және заманауи филологияның өзекті мәселелері.
  • Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың дамуы: дәстүр мен инновация.
  • Қ. П. Жүсіптің ғылыми-педагогикалық мұрасы.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі. Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың 26 қазанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

Өтінімдерді қабылдау аяқталды
123
«ХVIII Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды,  магистранттар мен студенттерді

«ХVIII Торайғыров оқулары» атты  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз

23 қазан 2026 жыл

«Торайғыров оқулары» – жыл сайын өткізілетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. XVIII Торайғыров оқулары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 2026 жылғы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған. Конференция аясында қазіргі ғылымның әртүрлі салаларындағы өзекті мәселелер келесі бағыттар бойынша қарастырылады: жаратылыстану ғылымдары; гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; экономика және құқық; инженерия; ауыл шаруашылығы ғылымдары; энергетика; физика-математикалық және компьютерлік ғылымдар.

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: офлайн.

Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:

  • ЖОО және колледж студенттері;
  • магистранттар.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі. Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың 16 қазанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15