Өтінімдерді қабылдау аяқталды
123
«МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. 2023 ж. 31 мамырыңда «Металлургия» кафедрасының 40-жылдығына орай өтетін

«МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА»

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз

Конференцияға қазақстандық және шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, металлургия кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Конференция металлургия саласы мен қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне арналады. Ғылыми негіздердің әртүрлі аспектілеріне, қара және түсті металдар өндірісінің заманауи технологияларына, металлургиялық процестер мен қайта өңдеуге арналған өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Секциялық отырыстарға қатысу үшін тіркелу (2023 жылдың 19 мамырына дейін): https://forms.gle/KrC8819qn2Sw48Vx6

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардың жинағы электронды форматта (PDF) жарияланады, конференция қатысушыларына электронды сертификаттар беріледі.

Материалдарды жіберу мерзімі: 2023 жылдың 19 мамырына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Ломов көшесі 64, БОК.

Өткізу форматы: оффлайн/онлайн.

Конференцияның бағдарламасы:

  • 09:00 – қатысушыларды тіркеу;
  • 10:00 – пленарлық отырыс (А-5 аудиториясы);
  • 10:00 – секциялық отырыс (Б-119 аудиториясы, Б-корпусы, Ак. Ш. Шөкин көшесі, 139).

Конференцияның ғылыми секцияларымен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

Өтінімдерді қабылдау аяқталды
123
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференция

Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерін, ғалымдарды, ЖОО және колледж оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 8-12 сынып оқушыларын

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

16 мамыр 2023 жыл

Конференцияда органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиялары, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және химия және мұнай-газ өнеркәсібіндегі менеджмент саласындағы өзекті ғылыми деректерді қарау жоспарлануда.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 5 мамырына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу орны: Торайғыров университетінің бас оқу корпусы, А-5 аудиториясы

Өткізу форматы: офлайн/онлайн.

Конференция бағдарламасы:

  • 9:30-10:00 – қатысушыларды тіркеу;
  • 10:00-12.00 – пленарлық отырыс өткізу;
  • 12:00-13.00 – түскі ас;
  • 13:00-16:00 – секциялық отырыстар өткізу;
  • 16:00-17:00 – экскурсиялық бағдарлама.

Конференцияның ғылыми секцияларымен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.


Мақалаларды қабылдау аяқталғанға дейін

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15