Өтетін күні: 2023-10-27
Мақалаларды қабылдау: 2023-09-22 23:59:00
Конференцияның сипаттамасы:
Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді
«ХV Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
27 қазан 2023 жыл
«Торайғыров оқулары» – жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, онда жаратылыстану ғылымдары; гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; экономика және құқық; инженерия; ауыл шаруашылығы ғылымдары; энергетика; физика-математика және компьютерлік ғылымдар бағыттары бойынша қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін қарау жоспарлануда.
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.
Өткізу форматы: офлайн.
Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ: https://forms.gle/kUnqHNQKSezvaXtS6
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! GOOGLE FORM-да ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАТЫСУШЫЛАР СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ!
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 22 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Конференцияда заманауи ғылымның әртүрлі салаларының өзекті мәселелерін келесі секциялар бойынша қарастыру жоспарлануда:
№ |
Секция атауы |
Подсекция атауы |
1. |
Жаратылыстану ғылымдары |
Биология мен экологияның өзекті мәселелері |
2. |
Химия және химия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы |
|
3. |
Географиялық зерттеулердің қазіргі модернизациялық аспектілері |
|
4. |
Туризм ел дамуындағы перспективтік салалардың бірі ретінде |
|
5. |
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы еңбек және денсаулықты сақтау |
|
6. |
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар |
Филологияның өзекті мәселелері |
7. |
Тарих, археология және этнографияның өзекті мәселелері |
|
8. |
Психология ғылымы дамуының өзекті мәселелері |
|
9. |
Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері |
|
10. |
Павлодар Ертіс өңірінің мәдени және рухани құндылықтары |
|
11. |
Қазіргі білім беру процесі |
|
12. |
Журналистикада заманауи медиатехнологиялар мен әлеуметтік желілерді енгізу және қолдану |
|
13. |
Саясаттың теория мен практика арасындағы айырмашылықтар |
|
14. |
Дене шынықтыру мен спорттың даму болашақтын жағдайы |
|
15. |
Экономика және құқық |
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет |
16. |
Қаржы жүйесінің қазіргі жағдайы |
|
17. |
Павлодар облысының экономикасы: жағдайы, мәселелері, болашағы |
|
18. |
Құқықтану және құқық |
|
19. |
Инженерия |
Тау-кен және металлургиядағы заманауи инженерлік инновациялар мен технологиялар |
20. |
Машина жасау саласын индустриялық-инновациялық дамыту |
|
21. |
Стандарттау мен техникалық реттеудің қазіргі жағдайы |
|
22. |
Көлік кешенін инновациялық дамытудың ғылыми-техникалық аспектілері |
|
23. |
Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы |
|
24. |
Құрылыс, құрылыс материалдары, сәулет және дизайндағы инновациялар мен технологиялар |
|
25. |
Ауыл шаруашылық ғылымдар |
Өсімдік және орман шаруашылығындағы инновациялар |
26. |
Ветеринария және зоотехнологиядағы инновациялар |
|
27. |
Биотехнологиялар және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу |
|
28. |
Энергетика |
Автоматтандыру және телекоммуникацияны дамыту |
29. |
Өнеркәсіп салаларындағы энергетиканың қазіргі жағдайы |
|
30. |
Физика-математикалық және компьютерлік ғылымдары |
Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
31. |
Заманауи физика-математикалық ғылымдардың дамуы |
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР