Ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді
Торайғыров университетінің 65 жылдығына арналған
«ІІ Ф.К. БОЙКО МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОҚУЛАРЫ»
атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
28 ақпан 2025 жыл
«Бойко оқулары» – Павлодар индустриалды институтының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, энергетик, академик Фёдор Константинович Бойконы еске алуға арналған конференция.
Өткізу орны және форматы: Торайғыров университеті, Павлодар қ., 64 Ломов к.; офлайн.
Конференция аясында ЖОО және колледж студенттері арасында секциялық отырыстар өтеді.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады.
Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕЛУ: https://forms.gle/WMUpbBGATezsaycn8
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Google Form-да тіркелмеген қатысушылар секциялық отырыстарға ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ!
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы PDF форматта шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды беру мерзімі: 2025 жылдың 07 ақпанына дейін тек www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Конференцияның ғылыми секциялармен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.
Ғалымдар және өнімді бағыттағы жылқыларды өсірумен мақсатты түрде айналысатын жылқы өсірушілерді
«Қазақстанның және іргелес мемлекеттердің табынды жылқы шаруашылығындағы заманауи инновациялық технологиялар»
атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
04 қазан 2024жыл
Конференцияда келесі секциялар бойынша ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің өзекті мәселелерін қарау жоспарлануда:
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 01 қазанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Өткізу форматы: офлайн
Өтетін орны: Павлодар облысы, Май ауданы Көктөбе ауылы