Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар, студенттер және оқушыларды
«ХІV Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
28 қазан 2022 жыл
«Торайғыров оқулары» – жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, онда жаратылыстану ғылымдары; гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; экономика және құқық; инженерия; ауыл шаруашылығы ғылымдары; энергетика; компьютерлік ғылымдар бағыттар бойынша қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін қарау жоспарлануда.
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.
Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ: https://forms.gle/bEkafhGfnxm1XuKs7
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! GOOGLE FORM-да ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАТЫСУШЫЛАР СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ!
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.
Өткізу форматы: офлайн.
Материалдарды ұсыну мерзімі 2022 жылдың 22 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) ұзартылды ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ жіберілген және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ (ҚАРАУ)
СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ (ҚАРАУ)
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖИНАҒЫН "ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ" БЕТІНЕН ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ
Конференцияның ғылыми секцияларымен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.
Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді
«БЕЙСЫЗЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ ХАОС ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДАР. ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ»
атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз.
17-19 маусым 2022 жылы
Өткізу орны: Казақстан, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, Торайғыров университеті.
Конференция оффлайн режимде өтеді. Конференцияның қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электрондық сертификаттар беріледі.
Комитеттің қорытындылары негізінде түпнұсқа мақалалар Scopus деректер базасына кіретін «Eurasian Physical Technical Journal», Web of Science деректер базасына кіретін «ҚарУ хабаршысы. Физика сериясы», РҒДИ деректер базасына кіретін «ҚазҰУ хабаршысы. Физикалық сериясы», «Қазақстанның ғылымы мен техникасы» және «Торайғыров университетінің хабаршысы» журналдарына ұсынылады.
Конференция аясында:
- 17 маусым – Торайғыров университетінің бас корпусында пленарлық және секциялық отырыс өткізу;
- 18 маусым – Сабындыкөл көлінің жағасында орналасқан көркем Баянауылдағы «Баянтау» ССК стенділік баяндамалар ұсыну;
- 19 маусым – «Баянтау» ССК конференцияның жабылуы. «Баянтау» ССК-не 1 тәулік ішінде жолдама құны 12000 теңгені құрайды (тамақтану қосылған).
Мақалалар 2022 жылдың 30 мамырына дейін ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады.
Электрондық поштаға жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖИНАҒЫН "ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ" БЕТІНЕН ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ
Конференцияның ғылыми секцияларымен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.