Ғалымдарды, ЖОО, мектеп және колледж оқытушыларын, докторанттар, магистранттар және студенттерді
29 сәуір 2022 жылы
«Қоғамның рухани дамуы және Мәшһүр Жүсіптің тарихи мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияға алыс және жақын шетелдің көрнекті ғалымдары, отандық философтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар және Мәшһүр Жүсіп мұрасы бойынша ғылыми ізденістермен айналысатын басқа да ғалымдар қатысады.
Конференцияны өткізу форматы: оффлайн / онлайн
Конференция қорытындысы бойынша қазақ халқының рухани құндылықтарын дамытуда елеулі маңызы бар бұрын белгісіз материалдар мен деректер жарияланатын болады, ғылыми мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ электронды форматта (PDF) ұсынылады, қатысушыларға электронды сертификаттар беріледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдарды тапсыру мерзімі: 2022 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУІРІНЕ (ҚОСА АЛҒАНДА) ДЕЙІН www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ 23 СӘУІРІНЕ ДЕЙІН!
Электрондық поштаға жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖИНАҒЫН "ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ" БЕТІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ.
Конференцияның ғылыми секцияларымен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.
Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 5-11 сынып оқушыларын (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды «XXII Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз.
12 сәуір 2022 жыл
Өткізу орны: Казақстан, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, Торайғыров университеті.
Конференция оффлайн режимде өтеді. Конференцияның қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылады.
Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электрондық сертификаттар беріледі.
Конференция аясында ЖОО, колледж студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен секциялық отырыстар өтеді.
СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ: https://forms.gle/u3a4RYb5w6UJfVN17
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАР НӘТИЖЕЛЕРІ:
СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ (ҚАРАУ)
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ (ҚАРАУ)
Мақалалар 2022 жылдың 27 наурызына дейін ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 2022 жылдың 28 наурызынан 2022 жылдың 01 сәуіріне дейін авторлар түзетілген мақалаларды, сондай-ақ қабылданған мақалалар үшін төлем түбіртектерін жеке кабинеттері ("Мой профиль") арқылы жіберуге мүмкіндігі бар.
Электрондық поштаға жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! "ОҚУШЫЛАР" (1-4), "СТУДЕНТТЕР" (5-9), "ЖАС ҒАЛЫМДАР" (10-18) СЕРИЯЛАРЫ БОЙЫНША КОНФЕРЕНЦИЯ ЖИНАҒЫНЫҢ ТОМДАРЫН "ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ" БЕТІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ.
Конференцияның ғылыми секцияларымен төмендегі "Толығырақ" батырмасын басу арқылы танысуға болады.