Өтетін күні: 2025-05-16
Мақалаларды қабылдау: 2025-04-30 23:59:00
Конференцияның сипаттамасы:
Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен колледж оқушыларын (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды барлығын
«Қазіргі зерттеулердегі тұрақты даму» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
16 мамыр 2025 жыл
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.
Өткізу форматы: офлайн, онлайн
«Қазіргі зерттеулердегі тұрақты даму» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы AP19676924 «Технологияны дамыту және регионның өнеркәсіптік кешенінің экологиялық брендін ілгерілету» мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ шеңберінде өткізіледі.
Конференцияның мақсаты – тұрақты инновациялық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және рухани-гуманитарлық дамудың негізгі проблемаларын, халықаралық ынтымақтастықтың стратегиялары мен тетіктерін, қазіргі әлемде болып жатқан интеграциялық процестерді сындарлы талқылау, инновациялық-технологиялық, халықаралық әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық саласындағы нәтижелер мен перспективаларды ұсыну.
Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі. Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 ЖЫЛДЫҢ 30 СӘУІРІНЕ ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Конференция бағдарламасы:
- 15.00-16.00 – пленарлық отырыс (Торайғыров университет, Ломов көшесі, 64, бас оқу корпусы);
- 16.00-18.00 – секциялық отырыстар (Торайғыров университет, Ломов көшесі, 64, бас оқу корпусы).
Конференцияда төмендегі секциялар бойынша өзекті мәселелерді қарастыру жоспарлануда:
№ |
Секцияның атауы |
1. |
Қазіргі ғылыми-практикалық зерттеулердегі тұрақтылық |
2. |
Ұлттық экономика салаларының экологиялық брендингі |
3. |
Ресурстар, биоәртүрлілік және тұрақты пайдалану |