Өтетін күні: 2025-02-28
Мақалаларды қабылдау: 2025-02-07 23:59:00
Конференцияның сипаттамасы:
Ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді
Торайғыров университетінің 65 жылдығына арналған «ІІ Ф.К. БОЙКО МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОҚУЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз
28 ақпан 2025 жыл
«Бойко оқулары» – Павлодар индустриалды институтының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, энергетик, академик Фёдор Константинович Бойконы еске алуға арналған конференция. Конференцияда келесі секциялар бойынша заманауи ғылымның әртүрлі салаларының өзекті мәселелерін қарау жоспарлануда:
1. Электр энергетикасындағы өзекті мәселелер және тұрақты даму |
5. Заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялар |
2. Жылуэнергетикасының заманауи мәселелері және жаңартылатын энергия көздері |
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері және кәсіпорындардағы қоршаған ортаны қорғау |
3. Автоматтандыру, робототехника және телекоммуникациядағы инновациялық шешімдер |
7. Қазіргі әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері |
4. Құрылыстағы және агроөнеркәсіптік кешендегі энергия тиімді технологиялар мен инновациялар |
8. Энергетикалық кешеннің экономикалық тұрақтылығы |
Өткізу орны және форматы: Торайғыров университеті, Павлодар қ., 64 Ломов к.; офлайн.
Конференция аясында ЖОО және колледж студенттері арасында секциялық отырыстар өтеді.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады.
Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕЛУ: https://forms.gle/WMUpbBGATezsaycn8
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Google Form-да тіркелмеген қатысушылар секциялық отырыстарға ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ!
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы PDF форматта шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды беру мерзімі: 2025 жылдың 07 ақпанына дейін тек www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР