«ХІII Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Өтетін күні: 2021-10-29

Мақалаларды қабылдау: 2021-10-25 23:59:00

Конференцияның сипаттамасы:

Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді

«ХІII Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз.

29 қазан 2021 жыл

«Торайғыров оқулары» – жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, онда келесі бағыттар бойынша қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін қарау жоспарлануда:

1.   Жаратылыстану ғылымдары;

2.   Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар;

3.   Экономика және құқық;

4.   Инженерия;

5.   Ауыл шаруашылығы ғылымдары;

6.   Энергетика;

7.   Компьютерлік ғылымдар.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

Жинақ ТЕК ҚАНА электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына сертификаттар, ал пленарлық отырыс қатысушылары алғыс хаттар табыс етіледі.

Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдары (т.ғ.д., профессор З. И. Кабульдинов; т.ғ.д., профессор В. И. Козодой; мед.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Муминов Т. А.), әлемдік ғылымға баға жетпес үлес қосқан шетелдік ғалымдармен қатар (с.ғ.д., Охридский Әулие Клим атындағы София университетінің профессоры (Болгария) Т. Дронзина) конференцияның пленарлық отырысына қатысады.

Конференцияны өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі.

Конференцияны өткізу форматы: онлайн (бейнеконференцияға қатысу үшін сілтеме іс-шарадан бірнеше күн бұрын жарияланады).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2021 жылдың 25 қазанына дейін (қоса алғанда) www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Мақаланың жариялау құны, Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар және Мақалалардың ресімдеу үлгісі туралы толығырақ "Авторларға" бөлімінде.

Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген мақалалар жариялауға жатпайды.

Секция атауы

Подсекция атауы

1.

Жаратылыстану ғылымдары

Биология мен экологияның өзекті мәселелері

Химия және химия саласының қазіргі жағдайы

Географиялық зерттеулердің қазіргі аспектілері

Туризм ел дамуындағы перспективтік салалардың бірі ретінде

Қәсіпорындардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік

2. 

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар

Филологияның өзекті мәселелері

Тарих, археология және этнографияның өзекті мәселелері

Психология ғылымы дамуының өзекті мәселелері

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері

Павлодар Ертіс өңірінің мәдени және рухани құндылықтары

Қазіргі білім беру процесі

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың заманауи мәселелері

БАҚ дамуының үрдісі және журналистикадағы заманауи медиатехнологиялар

Саясаттың теориясымен тәжірибесі

Дене тәрбиесі және спорт: жағдайы және даму болашағы

3.

Экономика және құқық

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет

Қаржы жүйесінің қазіргі жағдайы

Павлодар облысының экономикасы: жағдайы, мәселелері, болашағы

Құқықтану және құқық

4.

Инженерия

Металлургиялық кластердің өзекті жағдайы және дамуы

Машина жасау саласының индустриялық-инновациялық дамуы

Көлік инфрақұрылымының жағдайы мен перспективалары

Мұнай-газ өнеркәсібінің жағдайы мен болашағы

Құрылыс технологиялары мен жобалаудағы инновациялар

Стандарттау мен техникалық реттеудің қазіргі жағдайы

Сәулет және дизайнның өзекті мәселелері

5.

Ауыл шаруашылық ғылымдар

Өсімдік шаруашылығының дамуы

Мал шаруашылығының дамуы

Биотехнологиялар және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу

6.

Энергетика

Автоматтандыру және телекоммуникацияны дамыту

Өнеркәсіп салаларындағы энергетиканың қазіргі жағдайы

7.

Компьютерлік ғылымдар

Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Заманауи физика-математикалық ғылымдардың жағдайы