«Мәшһүртанудың ғылыми негіздері және қазіргі гуманитарлық ғылымдардың дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Өтетін күні: 2023-11-17

Мақалаларды қабылдау: 2023-10-24 23:59:00

Конференцияның сипаттамасы:

«Мәшһүртанудың ғылыми негіздері және қазіргі гуманитарлық ғылымдар дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2023 жылы 17 қараша

 «Торайғыров университеті» КеАҚ тіл білімі, философия, тарих, журналистика және әдебиеттану мәселелерін зерттеп жүрген жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар мен студенттерді «Мәшһүртанудың ғылыми негіздері және қазіргі гуманитарлық ғылымдар дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі.

Өткізу форматы: офлайн.

Конференция бағдарламасы:

Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар беріледі.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 24 қазанға дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Конференцияда заманауи гуманитарлық ғылымдарының өзекті мәселелерін келесі секциялар бойынша қарастыру жоспарлануда:

Секция атаулары

1.

Мәшһүртану және қазіргі әдебиеттану мәселелері

2.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тарихи – мәдени мұрасы

3.

Мәшһүр Жүсіп және жалпы тіл білімі мен журналистика

4.

Мәшһүр Жүсіп ілімінің қазіргі гуманитарлық ғылымдармен үндестігі және жаһандық өркендеудегі орны

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
  2. 1 (бір) мақаланы жариялау құны – 3 000 ТЕҢГЕ (электрондық жинақ). Төлем мақаланы ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН ҒАНА төленеді. Егер жарияланымнан бас тартылса, қаражат ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. Мақаланы жариялау құны туралы толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
  3. Мақала көлемі: Times New Roman қарпімен (12-кегль) 3-5 бет. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен және Мақаланы рәсімдеу үлгісімен толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайттағы "Авторларға" бөлімінде танысуға болады.
  4. Мақаланың өзіндік ерекшелігі кемінде 60% болуы керек. Тексеруді antiplagiat.ru, exactus.ru немесе басқа тегін сервистер арқылы жүзеге асыруға болады. Плагиатқа тексеруден өту туралы анықтама JPG (скриншот) немесе PDF форматтарында қабылданады, анықтамада мақаланың/автордың атауы анық көрінуі керек. Талаптарға сай келмейтін анықтамалар қабылданбайды.
  5. Бір автордың (авторлардың) мақалалар саны шектелмейді.
  6. Бір мақалада бес автордан артық болмау керек.
  7. Ғылыми мақала конференция тақырыбына сәйкес болуы, түпнұсқа, өзекті болуы, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы, емле, пунктуация ережелері мен ресімдеу талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  8. Жауапты хатшы тіркеу ережелеріне, секция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды қайтаруға немесе қабылдамауға құқылы.