Өтетін күні: 2023-05-31
Мақалаларды қабылдау: 2023-05-19 23:59:00
Конференцияның сипаттамасы:
Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. 2023 ж. 31 мамырыңда «Металлургия» кафедрасының 40-жылдығына орай өтетін
«МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз
Конференцияға қазақстандық және шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, металлургия кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Конференция металлургия саласы мен қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне арналады. Ғылыми негіздердің әртүрлі аспектілеріне, қара және түсті металдар өндірісінің заманауи технологияларына, металлургиялық процестер мен қайта өңдеуге арналған өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылау үшін пленарлық отырыс және ғылыми секция жұмысы ұсынылады:
Пленарлық отырыс: Қазақстанның металлургия саласының проблемалары мен перспективалары
1 секция: Қара және түсті металдар өндірісінің ғылыми негіздері мен технологиялары, металлургиялық процестер және қайта өңдеу
2 секция: Инженериядағы заманауи технологиялар
Секциялық отырыстарға қатысу үшін тіркелу (2023 жылдың 19 мамырына дейін): https://forms.gle/KrC8819qn2Sw48Vx6
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардың жинағы электронды форматта (PDF) жарияланады, конференция қатысушыларына электронды сертификаттар беріледі.
Материалдарды жіберу мерзімі: 2023 жылдың 19 мамырына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Ломов көшесі 64, БОК.
Өткізу форматы: оффлайн/онлайн.
Конференцияның бағдарламасы:
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР