«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференция

Өтетін күні: 2023-05-16

Мақалаларды қабылдау: 2023-05-11 23:59:00

Конференцияның сипаттамасы:

Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерін, ғалымдарды, ЖОО және колледж оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 8-12 сынып оқушыларын

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

16 мамыр 2023 жыл

Конференцияда өзекті ғылыми деректерді келесі секциялар бойынша қарастыру жоспарлануда:

Секция атауы

Секциялық отырысқа қатысуға үшін Zoom сілтемесі

1 СЕКЦИЯ

Органикалық заттардың химиясы мен химиялық технологиясының, мұнай өңдеу және мұнай химиясының өзекті мәселелері мен жетістіктері

https://us02web.zoom.us/j/86319512468?pwd=M1N2NlJFazhQNjFxeHNrdVoxUkJ1QT09

Конференция идентификаторы: 863 1951 2468

Кіру коды: 268141

2 СЕКЦИЯ

Бейорганикалық заттардың химиясы мен химиялық технологиясының өзекті мәселелері мен жетістіктері

3 СЕКЦИЯ

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

4 СЕКЦИЯ

Химия және мұнай-газ өнеркәсібіндегі менеджмент

5 СЕКЦИЯ

Химия және химиялық технологиялар (мектеп бөлімі)

 

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 5 мамырына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу орны: Торайғыров университетінің бас оқу корпусы, А-5 аудиториясы

Өткізу форматы: офлайн/онлайн.

Конференция бағдарламасы:

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
  2. 1 (бір) мақаланы жариялау құны – 3 000 ТЕҢГЕ (электрондық жинақ). Төлем мақаланы ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН ҒАНА төленеді. Егер жарияланымнан бас тартылса, қаражат ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. Мақаланы жариялау құны туралы толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
  3. Мақала көлемі: Times New Roman қарпімен (12-кегль) 3-5 бет. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен және Мақаланы рәсімдеу үлгісімен толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайттағы "Авторларға" бөлімінде танысуға болады.
  4. Мақаланың өзіндік ерекшелігі кемінде 60% болуы керек. Тексеруді antiplagiat.ru, exactus.ru немесе басқа тегін сервистер арқылы жүзеге асыруға болады. Плагиатқа тексеруден өту туралы анықтама JPG (скриншот) немесе PDF форматтарында қабылданады, анықтамада мақаланың/автордың атауы анық көрінуі керек. Талаптарға сай келмейтін анықтамалар қабылданбайды.
  5. Бір автордың (авторлардың) мақалалар саны шектелмейді.
  6. Бір мақалада бес автордан артық болмау керек.
  7. Ғылыми мақала конференция тақырыбына сәйкес болуы, түпнұсқа, өзекті болуы, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы, емле, пунктуация ережелері мен ресімдеу талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  8. Жауапты хатшы тіркеу ережелеріне, секция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды қайтаруға немесе қабылдамауға құқылы.