Өтетін күні: 2023-04-07
Мақалаларды қабылдау: 2023-03-17 23:59:00
Конференцияның сипаттамасы:
«Торайғыров университеті» КЕАҚ және Ресей Федерациясының Президент жанындағы ХШРАММҚ филиалы – Сібір басқару институты
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: МЕМЛЕКЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады
07 сәуір 2023 жыл
Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдік жетекші заң жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, әртүрлі деңгейдегі сот, заң шығарушы, атқарушы биліктің өкілдері қатысады. Конференция конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, әлеуметтік, еңбек, экологиялық құқық және өзге де құқық салаларының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанның жаңа жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналады. Қазіргі кездегі ұлттық және халықаралық және өзге де салалық бағыттардың әртүрлі аспектілерінің мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылау үшін пікірталас алаңдарының жұмысы ұсынылады:
1 дискуссиялық алаң: Қазақстанның конституциялық эволюциясы қоғамның және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының одан әрі дамуының негізі ретінде
2 дискуссиялық алаң: Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары
3 дискуссиялық алаң: Сот билігін жетілдіру және адам құқықтарын қорғау - жаңа конституциялық-құқықтық кеңістіктегі демократиялық өзгерістердің негізі
Секциялық отырыстарға қатысу үшін тіркелу (2023 жылдың 17 наурызына дейін): https://forms.gle/n9Cd65dTmWvkKeWX8
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардың жинағы электронды форматта (PDF) жарияланады, конференция қатысушыларына электронды сертификат беріледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 17 наурызына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.
Өткізу форматы: оффлайн.
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР