«СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми конференция
Өтетін күні: 2023-03-15
Мақалаларды қабылдау: 2023-03-10 23:59:00
Конференцияның сипаттамасы:
Ғалымдарды, ЖОО және колледж оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 10-12 сынып оқушыларын
«СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз
15 наурыз 2023 жыл
Конференцияда өзекті ғылыми деректерді келесі секциялар бойынша қарастыру жоспарлануда:
Секция атауы
|
Секциялық отырысқа қатысуға үшін Zoom сілтемесі
|
1-СЕКЦИЯ – Өндірістік экология:
- Өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялары;
- Мұнайы бар қалдықтарды, сондай-ақ мұнай өндіру және мұнай-химия өндірістерінің қалдықтарын және олардың негізіндегі өнімдерді кәдеге жарату және қайта өңдеу;
- Сумен жабдықтау. Ағынды суларды тазарту;
- Энергия және ресурс үнемдейтін аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар;
- Экологиялық мониторинг, кәсіпорындардың экологиялық аудиті;
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық, өрт және радиациялық қауіпсіздігі.
|
https://us02web.zoom.us/j/86319512468?pwd=M1N2NlJFazhQNjFxeHNrdVoxUkJ1QT09
Конференция идентификаторы: 863 1951 2468
Кіру коды: 268141
|
2-СЕКЦИЯ – Жалпы экология:
- Қазақстан мен көршілес елдердің зоология саласындағы өзекті зерттеулері: қорытындылары мен келешегі;
- Биогеохимия және экотоксикология саласындағы өзекті зерттеулер;
- Агроэкология саласындағы өзекті мәселелер;
- Медициналық экология. Қауіпсіздіктің медициналық аспектілері;
- Топырақ пен өсімдік жамылғысының азуы. Азық-түлік қауіпсіздігі;
- Ғаламдық климаттың өзгеруі мен антропогендік әсер ету жағдайында орманның генетикалық ресурстарын сақтау.
|
https://us02web.zoom.us/j/86319512468?pwd=M1N2NlJFazhQNjFxeHNrdVoxUkJ1QT09
Конференция идентификаторы: 863 1951 2468
Кіру коды: 268141
|
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.
Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 10 наурызына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Өткізу орны: Торайғыров университетінің бас оқу корпусы, А-5 аудиториясы
Өткізу форматы: офлайн/онлайн.
Конференция бағдарламасы:
- 10:00 – пленарлық отырыс өткізу;
- 12:00 – секциялық отырыстар өткізу.
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
- 1 (бір) мақаланы жариялау құны – 3 000 ТЕҢГЕ (электрондық жинақ). Төлем мақаланы ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН ҒАНА төленеді. Егер жарияланымнан бас тартылса, қаражат ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. Мақаланы жариялау құны туралы толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
- Мақала көлемі: Times New Roman қарпімен (12-кегль) 3-5 бет. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен және Мақаланы рәсімдеу үлгісімен толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайттағы "Авторларға" бөлімінде танысуға болады.
- Мақаланың өзіндік ерекшелігі кемінде 60% болуы керек. Тексеруді antiplagiat.ru, exactus.ru немесе басқа тегін сервистер арқылы жүзеге асыруға болады. Плагиатқа тексеруден өту туралы анықтама JPG (скриншот) немесе PDF форматтарында қабылданады, анықтамада мақаланың/автордың атауы анық көрінуі керек. Талаптарға сай келмейтін анықтамалар қабылданбайды.
- Бір автордың (авторлардың) мақалалар саны шектелмейді.
- Бір мақалада бес автордан артық болмау керек.
- Ғылыми мақала конференция тақырыбына сәйкес болуы, түпнұсқа, өзекті болуы, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы, емле, пунктуация ережелері мен төменде көрсетілген ресімдеу талаптарына сәйкес болуы тиіс.
- Жауапты хатшы тіркеу ережелеріне, секция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды қайтаруға немесе қабылдамауға құқылы.