«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты Республикалық ғылыми конференция

Өтетін күні: 2023-02-15

Мақалаларды қабылдау: 2023-02-15 23:59:00

Конференцияның сипаттамасы:

Ғалымдарды, мектеп, ЖОО және колледж оқытушыларын, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді педагогикалық еңбек ардагері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры Тәжібай Рахметоллаұлы Шәймерденовтың 95-жылдығына арналған

«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

атты Республикалық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

15 ақпан 2023 жыл

2023 жылғы 15 ақпанда Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, ағарту үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тәжібай Рахметоллаұлы Шәймерденовтың туғанына 95 жыл толады. Т.Р. Шәймерденовтың кәсіби өмірбаяны 70 жылдан астам уақытқа созылған педагогикалық қызметпен байланысты. 1965 жылдан 1988 жылға дейін облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, оның басқарудағы жұмыс кезеңі білім беру жүйесіндегі терең инновациялық қозғалыстармен тұспа-тұс келді. Т.Р. Шәймерденов – басқарушылық және педагогикалық қызмет тәжірибесінен кәсіби жалпыланған материалды сіңіретін бірқатар ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, кітаптардың авторы. 2012 жылы «Ұстаз – ұлағатты ұым. Все начинается с учителя» атты шығармасын жариялап, онда Павлодар облысының еңбек сіңірген мұғалімдерінің тағдырлары бейнеленген, 2018 жылы «Воспоминания» кітабы жарық көрді, онда алғашқы мектептердің құрылуынан бастап бүгінгі күнге дейін Павлодар облысының білім беру жүйесінің тарихы туралы айтылады. «Білімнің шексіз көкжиегі» кітабы 2021 жылы қайтыс болғаннан кейін жарық көрді. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін Т.Р. Шәймерденов екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, бес КСРО медалімен, үш рет – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, сондай-ақ Павлодар облысының Құрметті азаматы болып табылады.

Конференцияда педагогика және білім беру, оның ішінде білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар бағыты бойынша өзекті ғылыми деректерді қарау жоспарлануда.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 15 ақпанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу форматы: офлайн/онлайн.

Өткізу күні мен уақыты: 2023 жылы 15 ақпан сағат 10:00-де.

Өткізу орны: Торайғыров университетінің бас оқу корпусы, А-5 аудиториясы

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
  2. 1 (бір) мақаланы жариялау құны – 3 000 ТЕҢГЕ (электрондық жинақ). Төлем мақаланы ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН ҒАНА төленеді. Егер жарияланымнан бас тартылса, қаражат ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. Мақаланы жариялау құны туралы толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
  3. Мақала көлемі: Times New Roman қарпімен (12-кегль) 3-5 бет. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен және Мақаланы рәсімдеу үлгісімен толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайттағы "Авторларға" бөлімінде танысуға болады.
  4. Мақаланың өзіндік ерекшелігі кемінде 60% болуы керек. Тексеруді antiplagiat.ru, exactus.ru немесе басқа тегін сервистер арқылы жүзеге асыруға болады. Плагиатқа тексеруден өту туралы анықтама JPG (скриншот) немесе PDF форматтарында қабылданады, анықтамада мақаланың/автордың атауы анық көрінуі керек. Талаптарға сай келмейтін анықтамалар қабылданбайды.
  5. Бір автордың (авторлардың) мақалалар саны шектелмейді.
  6. Бір мақалада бес автордан артық болмау керек.
  7. Ғылыми мақала конференция тақырыбына сәйкес болуы, түпнұсқа, өзекті болуы, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы, емле, пунктуация ережелері мен төменде көрсетілген ресімдеу талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  8. Жауапты хатшы тіркеу ережелеріне, секция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды қайтаруға немесе қабылдамауға құқылы.