«VII Ш. Шөкин оқулары» атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференция

Өтетін күні: 2023-03-01

Мақалаларды қабылдау: 2023-02-19 23:59:00

Конференцияның сипаттамасы:

Ғалымдарды, ЖОО және колледж оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 10-12 сынып оқушыларын

«VII Ш. Шөкин оқулары» атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына қатысуға шақырамыз

1 наурыз 2023 жыл

Конференцияда өзекті ғылыми деректерді келесі секциялар бойынша қарастыру жоспарлануда:

Секция атауы

Секциялық отырысқа қатысуға үшін Zoom сілтемесі

1 СЕКЦИЯ

Электр энергиясын өндіру және тарату

https://us02web.zoom.us/j/82858439128?pwd=SWZGeTdVeDZscVdFYkxkL043eFhEZz09

Конференция идентификаторы: 828 5843 9128

Кіру коды: 865804

2 СЕКЦИЯ

Автоматтандыру және телекоммуникация

https://us04web.zoom.us/j/75977449130?pwd=lLnSErbTY2FHUYFltgh8su16kZq4dw.1

Конференция идентификаторы: 759 7744 9130

Кіру коды: 3as2Hb

3 СЕКЦИЯ

Энергияны үнемдеу және баламалы энергия көздері

https://us02web.zoom.us/j/82419489990?pwd=eU95TTdJSmQ1WktlVUY4KzBidjJ1UT09

Конференция идентификаторы: 824 1948 9990

Кіру коды: 465919

4 СЕКЦИЯ

Жылу энергетикасының өзекті мәселелері

https://us02web.zoom.us/j/85368583306?pwd=SUFiNk5kUGRvTUxtVlNCNWpKSXNtQT09

Конференция идентификаторы: 853 6858 3306

Кіру коды: 656459

 

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 19 ақпанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Өткізу форматы: офлайн/онлайн.

Өткізу орны: Торайғыров университетінің бас оқу корпусы, (Павлодар қ., Ломов көшесі 64), А-5 аудиториясы

Конференция бағдарламасы:

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
  2. 1 (бір) мақаланы жариялау құны – 3 000 ТЕҢГЕ (электрондық жинақ). Төлем мақаланы ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН ҒАНА төленеді. Егер жарияланымнан бас тартылса, қаражат ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ. Мақаланы жариялау құны туралы толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
  3. Мақала көлемі: Times New Roman қарпімен (12-кегль) 3-5 бет. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен және Мақаланы рәсімдеу үлгісімен толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайттағы "Авторларға" бөлімінде танысуға болады.
  4. Мақаланың өзіндік ерекшелігі кемінде 60% болуы керек. Тексеруді antiplagiat.ru, exactus.ru немесе басқа тегін сервистер арқылы жүзеге асыруға болады. Плагиатқа тексеруден өту туралы анықтама JPG (скриншот) немесе PDF форматтарында қабылданады, анықтамада мақаланың/автордың атауы анық көрінуі керек. Талаптарға сай келмейтін анықтамалар қабылданбайды.
  5. Бір автордың (авторлардың) мақалалар саны шектелмейді.
  6. Бір мақалада бес автордан артық болмау керек.
  7. Ғылыми мақала конференция тақырыбына сәйкес болуы, түпнұсқа, өзекті болуы, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы, емле, пунктуация ережелері мен төменде көрсетілген ресімдеу талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  8. Жауапты хатшы тіркеу ережелеріне, секция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды қайтаруға немесе қабылдамауға құқылы.